"Қазгидромет" РМК алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райы Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалында қалыптасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды, боранды және желдің күшеюін алып келеді.
Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын, территорияның едәуір бөлігіне жылы ауа массаларының енуі басталады, соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болып, аязды ауа райы сақталады. Сонымен қатар құрамында суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс өңірлеріне таралып, түнгі уақытта ауа температурасының -15…-30°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.