27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда аязды ауа райы күтіледі, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасының жоғарылауы болжанады: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.

Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.