23 қаңтарда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті­нің бас ғимаратында «Стратегиялық ме­неджмент» бағыты бойынша Executive MBA (EMBA) бағдарламасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.
Түлектерге  диплом табысталды
103
оқылды

Аталған салтанатты шараға бағдар­ла­маны табысты аяқтаған өндірістік кәсіп­орындардың басшылары, агробизнес өкіл­д­ері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемле­кеттік және квазимемлекеттік сектордың мамандары қатысты. Executive MBA бағ­дар­ламасы стратегиялық ойлауды дамытуға, басқарушылық құзыреттерді күшейтуге және шешім қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Салтанатты рәсім барысында С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов түлектерді құттықтап, Executive MBA бағдарламасының ел экономикасы мен кәсіпкерлік саласын дамытатын білікті басқарушы кадрларды даярлаудағы маңызын атап өтті.

– Бүгінгі Executive MBA дипломдарын табыстау – бұл білім беру кезеңінің аяқталуы ғана емес, білімді капиталға, идеяны нәтижеге, ал басқарушылық шешімдерді тұрақты даму тетігіне айналдыра алатын қабілеттің дәлелі. Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектерді шын жүректен құттық­тай отырып, батыл шешімдер, кәсіби өсім және ел дамуына елеулі үлес қосуды тілеймін, – деді университет ректоры.

Оқу барысында Executive MBA бағ­дарламасының тыңдаушылары стратегиялық менед­жмент, қаржы, көшбасшылық, опера­циялық басқару, агробизнес эконо­ми­касы және басқа да негізгі пәндер бойын­ша білім алып, оларды нақты бас­қару­шылық және кәсіпкерлік тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

Университет басшылығы ғылым, өндіріс, аграрлық сектор және кәсіпкерлік арасындағы өзара байланысты дамыту оқу орнының стратегиялық басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтіп, Executive MBA түлектерінің бұл үдерісте маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Диплом тапсыру рәсімі түлектердің кәсіби өміріндегі маңызды кезеңге айналып, олардың басқарушылық әлеуеті мен көш­басшылық бастамаларын іске асыруына жаңа мүмкіндіктер ашты.