ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 27 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-718 шақырым аралығында (Бейнеу елді мекені – Жетібай елді мекені) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 28 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.