Мәжіліс 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үҮкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісімге сәйкес, жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр стансасы/стансасы және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр стансасы салынады.
Нәтижесінде, 100-ден астам тұрақты және шамамен 1 500 уақытша жұмыс орны ашылады, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады, сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі.
Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.