Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-поляк серіктестігін тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министр Е.Көшербаев Польшаның Қазақстан үшін Еуропалық одақ аясындағы маңызды серіктестердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толғаны, ал олардың тарихи тамыры мен байланыстары әлдеқайда терең екені аталып өтті.
Өз кезегінде В.Зайончковский Варшаваның Астанамен ынтымақтастықты одан әрі дәйекті түрде нығайтуға бейілділігін растап, қазақ-поляк қатынастарының жоғары деңгейін сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында мазмұнды диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.