Бұл жолы ұлттық құрама қоржынына жүлдені Богдан Вехов салды. Отандасымыз 1 мың метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Вехов 1:24.177 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, қола жүлдегер атанды.
Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болған еді.
Әсет ҚАЛИ