«Aitas kz» Елбасы үндеуін қолдап, 200 млн теңге аударды
«Aitas kz» Елбасы үндеуін қолдап, 200 млн теңге аударды
366
оқылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуінен кейін республикалық коронавирусқа қарсы іс-қимыл қорына көптеген компаниялар өз есебінен қаржы аударып бастады. Алғашқылардың бірі болып «Aitas KZ» компаниясы үн қатты. Қазақстан Республикасының коронавирус инфекциясына қарсы күресі жолында компания медициналық құрылғылар мен препараттар үшін денсаулық сақтау органдарына көмек ретінде 200 млн теңге бөледі. Сонымен қатар Аумақтарды дамытудың тұрақты даму базасында «Аitas KZ» АҚ компаниясының кәсіпорындары орналасқан ашық аймақта, сондай-ақ карнтин аумақтарында халыққа көмек көрсету үшін волонтерлік штабтар құрылады. – Біз өзімізге халықты 1 мың тонналық құс етінен кем түспейтін көлемде қамтамасыз ету міндеттемесін алып отырмыз. Бұл шаралар халықты үздіксіз құс етімен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ТЖ режімі уақытында «Кус&Вкус» брендінің өнімдерінің бағасы өспейтініне кепілдік береміз, – деді компания директоры Серік Толықпаев. Кәсіпкерлерге көмек болар деген ниетпен бизнесмендер пандемия және мұнай өнімдерінің бағасының құлдырауы секілді тегеуріндерге жүйелі түрде жауап беруге көмектесетін материалдарды компания ресми сайтына орналастырды. – Бүгінгі қалыптасқан жағдайда қазақстандықтар ең алдымен сабыр сақтап, коронавирус инфекциясына қарсы күресте төзім танытқаны дұрыс. Бизнес өкілдері де әлеуметтік жауапкершілікті танытып, өз мүмкіндігіне қарай мемлекетке көмектесуі керек. Біз бірге кез келген қиындықты еңсере аламыз, – деді Серік Толықпаев.