Қарағандылықтар коронавирус симптомдарын анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты
Қарағандылықтар коронавирус симптомдарын анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты
261
оқылды
Қарағанды тұрғындарына қызмет көрсететін Damumed мобильді қосымшасы COVID-19-ға тән симптомдарды анықтауға көмектеседі. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы және ДАМУ Ақпараттық технологиялар орталығы компаниясы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Виртуалды патронаж» жобасын іске қосты. Жобаның басты міндеттерінің бірі – COVID-19 бойынша қолайсыз жағдайы бар елдерден келген пациенттерді жедел бақылау және Қазақстан аумағы бойынша вирустың таралуына мониторинг жүргізу. Мобильді қосымшаның көмегімен тұрғындар СOVID-19-ға тән симптомдарға мониторинг жүргізе алады. Қосымша арқылы тұрғындар денсаулығына қатысты үрей туындаса, күн сайын немесе күніне бірнеше рет шағын чек-парақты толтыра алады. Мұны балалар үшін де, қариялар үшін де жасауға болады. Толтырылған чек-парақты учаскелік дәрігер мен Қарағанды облысының коронавирус жөніндегі штабының мамандары көреді. Дәрігер пациенттің симптомдарын зерттейді және оған қоңырау шалу, немесе үйге келу, немесе карантинді анықтау туралы шешім қабылдайды. Қарағанды қаласының тұрғындары Damumed бағдарламасын Play Market немесе Apple Store арқылы тегін көшіріп алауына болады. – «Виртуалды патронаж» дәрігердің қабылдауына бару аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға көмектеседі. Егер респираторлық ауру белгілері болса, дәрігерге ұялы телефондағы қосымша арқылы мәлімет жіберіледі. Қарағанды облысы өз тәжірибесімен бүкіл елмен бөлісуге дайын, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау бақармасының баспасөз қызметі. Тұрғындар үй карантинінде болса, ол күн сайын өзінің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді жіберуі тиіс. Учаскелік дәрігерде белгі қағазы бар, оның көмегімен карантиндегі пациентті қадағалайды.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.