Коронавирус жұқтырған ақтөбелікпен ұшақта 57 жолаушы болған
Коронавирус жұқтырған ақтөбелікпен ұшақта 57 жолаушы болған
© сурет интернеттен алынды
205
оқылды
Қауіпті індет елдің батыс өңіріне де жетті, - «Хабар 24». Шетелден оралған ақтөбеліктен вирус анықталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір онымен байланыста болған барлық азаматты оқшаулау қолға алынған. Әзірге белгілісі, бұл індетті жұқтырған азамат Ақтөбеге Мәскеуден келген. Және онымен бірге ұшақта 57 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болыпты. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.Ал ол тиісті ем-дом қабылдауда. Шамамен бір сағаттан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы баспасөз конференциясын өткізіп, қосымша ақпаратпен бөлісуі тиіс. Арнамыздың көрермендеріне міндетті түрде тікелей эфир арқылы көрсететін боламыз. Ал тиісті талап бойынша, індет өршіп тұрған елдерден келген жолаушылардың барлығын санитар мамандар қоғамнан оқшаулап, бақылауға алуда. Және қауіпті вирус жұқтырған азаматтарды емдеуге арналған 130 кереует орын даярланды. Облыстық жұқпалы аурулар және наркологиялық диспансерлері қайта жарақталған. Мамандар дертті емдеуге дәрі-дәрмек жеткілікті дейді. Ал ауру жұқтырған азаматтарды арнайы бекітілген жедел жәрдем көліктері тасымалдайды. Бұған дейін облыс бойынша 22 адам медициналық стационарға жатқызылғаны айтылған еді. Олардан коронавирус белгілері анықталмады деп жарияланған болатын. Ал бүгінде бір азаматтан қауіпті дерт анықталып отыр.