Олимпиаданы кейінге қалдыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ
Олимпиаданы кейінге қалдыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ
© Сурет интернеттен алынды
358
оқылды
– Халықаралық Олимпиада комитеті әлі бізге Олимпиада ойындарының кейінге шегерілгені жайында хабарламады. «Олимпиада болмайды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әзірге бұл сұрақ әлі қаралады, – деді министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихида Суга.
Сейсенбіде Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бахпен телефон арқылы сөйлеседі деп күтілуде. Міне, сол кезде коронавирустың таралуы аясында Олимпиаданың тағдыры талқыланады.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде бұл дертке 330 мыңнан астам адам шалдықса, 15 мыңнан астамы қайтыс болған.