Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.Еске салайық, елордада биыл қаңтар айының аяғында қатты жауған қардың салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген. – Қаланы төтенше жағдай режимінен шығаруды тек әкім шешеді. Коронавирусқа қатысты жағдай ушықпаса, 15 сәуірге дейін тоқтатуы мүмкін. Сондықтан, Нұр-Сұлтанда әлі сол белгіленген уақытқа дейін төтенше жағдай сақталуда, – деді ол.Сонымен қатар, пресс-конференция барысында Ильин қазіргі уақытта Қазақстанда елді мекендерді су басу қаупі жоқ деп сендірді.