Зейнеткер балаларға насыбай сатып келген
Зейнеткер балаларға насыбай сатып келген
© Сурет интернеттен алынды
336
оқылды
Павлодар қаласындағы Камзин көшесінің бойындағы 164-үйдің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды. Олардың айтуынша, сол үйдің бірінші қабатында тұратын әйел балаларға насыбай сатады екен. Мәліметті тексерген полицейлер аталмыш әйелдің үйіне барып, 83 жастағы зейнеткердің заңсыз сауда жасап келгенін анықтаған. Қазір заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін оған ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Материал сотқа жолданды. «Бұл бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, зейнеткермен арнайы әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытат мұндай заңсыздыққа жол бермеу керегі түсіндірілді», - деп мәлімдеді полицейлер. Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша 19 іс сотқа жолданған екен.