Елімізде ұн, картоп, қантты шетелге шығаруға тыйым салды
Елімізде ұн, картоп, қантты шетелге шығаруға тыйым салды
© Сурет интернеттен алынды
237
оқылды
Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі, сауда және интеграция министрлігі 15 сәуірге дейін ұн, қарақұмық, қант, картоп, сәбіз, сарымсақ, қызылша, капуста, күнбағыс және күнбағыс майын басқа елге шығаруға тыйым салды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook желісінде “қазір ел аймақтарын азық-түлікпен және жеміс-жидекпен тұрақты қамтамасыз ету – басты мақсат” деген болатын. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық. Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.