Қарантинге жабылған Алматыға кіріп-шығу үшін арнайы 27 блокпост қойылғанын бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Дегенмен тұрғындар айналма жолдар арқылы Алматыға кіріп жатқаны туралы айтылып, тіпті олардың кейбіреуіне әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынғаны туралы да ақпараттар тараған.Қалаға кіру және шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында жедел қызмет және Алматы қаласының патрульдік полиция күштері Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады. «Сараптамалар барысында айналма жолдардың 30-ы анықталды және жабылды, бетон блоктар орнатылды. Ол жерлерге Ұлттық ұлан сарбаздарынан нарядтар қойылды. Алатау ауданында – 15, Жетісу ауданында – 7, Медеу ауданында – 1, Наурызбай ауданында – 4 және Түрксіб ауданында – 3 бетон блок орналастырылды. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, карантиндік аймаққа кіру үшін заңсыз әрекеттерге және тыйымға қарсы келетін азаматтардың санасыз санаты бар екенін көрсетеді. Олар бұл шаралардың, ең алдымен, өздерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне бағытталғанын түсінбейтін сияқты. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы – төтенше жағдай ережелерін бұзу бойынша 47 әкімшілік материал қаралды. Нәтижесінде 11 адам әкімшілік қамауға алынды, 36 адамға айыппұл салынды» деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес, бір күнде қала бойынша барлығы 1 мың 473 автокөлік кірді. Олардың 484-і жеңіл көлік болса, 985-і жүк көлігі. Оның ішінде 1 мың 443 адам болды. Қаладан бір күнде 1 мың 653 автокөлік шықты. Оның 544-і жеңіл көлік, ал 1 мың 104-і жүк көлігі. Олардың ішінде 1 мың 050 адам болды.