Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар карантинге жабылды
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар карантинге жабылды
© inform.kz
171
оқылды
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркеліп, науқаспен байланыста болған барлық адам карантинге алынды, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Белгіленген алгоритмге сәйкес жауапты қызметтердің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде ауырған адам стационарлық карантинге оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, олар да карантинге жабылды. «Толық ақпарат сағат 10.00-де арнайы брифинг арқылы жұртшылыққа жеткізіледі. Тікелей эфирді «Хабар 24» арнасынан көрулеріңізге болады. Баршаңыздан сабырлық танытуларыңызды сұраймыз. Барлық жағдай бақылауда», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, ведомство әлеуметтік желі мен мессенджерде жалған ақпараттың таралуына байланысты тұрғындарды расталмаған хабарламаға сенбеуге және жібермеуге шақырады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирус жұқтыруға қатысты жағдай бойынша, 1979 жылғы ер адам екені белгілі болды. Ол өңірге Қырғызстаннан келген.