Сәуірдің алғашқы он күндігінде коронавирус өршіп, шарықтау шегіне жетеді - Біртанов
Сәуірдің алғашқы он күндігінде коронавирус өршіп, шарықтау шегіне жетеді - Біртанов
© Egemen.kz
211
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көрінеді деген болжам жасады. Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұқбатында айтты. Оның айтуынша, сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, шарықтау шегіне жетеді деп күтіледі.
"Өкінішке қарай, әрқашан бұл бізге байланысты емес. Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Еске сала кетейік, 25 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетті.