Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады
Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады
240
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Гауһар Бисарина Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеода елорданың дәрігерлері, мейірбикелер, жедел жәрдем қызметкерлері қала тұрғындарын коронавирус індетін жеңу үшін үйде отыруға шақырады. «Менің атым Бақытжан. Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде отырыңыздар», - дейді дәрігерлердің бірі. Инфекционист-дәрігер Ақбота да қазір маңызды сәт екенін, бұл жаттығу еместігін баса айта келе індеттен қорғанудың жалғыз мүмкіндігі - үйде болу екенін баса айтады. «Менің балаларым үйде отыр. Сіздің балаларыңыз ше? Үйде қалуыңызды сұраймын», - дейді медицина саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жұпаргүл есімді мейірбике.