Карантин: 113 елордалық жауапқа тартылды
Карантин: 113 елордалық жауапқа тартылды
© сурет интернеттен алынды
296
оқылды
Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жауапқа тартылды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы. Жалпы, ведомствоның мәліметінше, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап елордалық құқық қорғаушылар 113 адамды, оның ішінде 29 адамды - заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін, 83 тұлғаны - төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін және 1 адамды - төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартқан. «Әкімшілік материалдарды қарау нәтижесінде 99 тұлғаға жалпы сомасы 3 088 415 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 14 адам тұтқынға алынды. Бұған қоса, сот мемлекет кірісіне 1 725,7 литр антисептик пен 15 923 дана медициналық маска тәрткіледі. Елорданың барлық өкілетті органдары Мемлекет басшысының жарлығында және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ережелерімен бекітілген шаралар мен уақытша шектеулердің сақталуын қадағалауда», - делінген хабарламада.