АҚШ-тан 55 қазақстандық елге оралды
АҚШ-тан 55 қазақстандық елге оралды
© inform.kz
273
оқылды
Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бірқатар халықаралық әуе рейстерінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. «Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды» , - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арбаиясынан аман-есен елге оралған болатын.