Карантиндегі екі қаладан басқа Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Таразды дезинфекциялады
Карантиндегі екі қаладан басқа Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Таразды дезинфекциялады
Фото: Интернеттен алынды
248
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін Қарулы Күштердің биологиялық бөлімшелері дезинфекциялаған болатын. Қарулы Күштер биологиялық қорғау бөлімшелерінің жеке құрамы қалалық дезинфекция қызметімен бірге Нұр-Сұлтан қаласында вирустың таралуының алдын алды. Дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жиынтығымен жабдықталған әскери қызметшілер және автомобиль құю станцияларының легі жол бойымен тура қозғалып, қаланың бірнеше ірі көшелерін өңдеді. Айта кету керек, дезинфекциялау жөніндегі іс-шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабпен өзара іс-қимыл бойынша ұйымдастырылады, арнайы өңдеуге арналған аумақтарды жергілікті атқарушы органдары анықтайды. Жеке құрам мен әскери техниканы жұмыс барысында әскери полиция алып жүреді. Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында дезинфекция жүргізілді. Онда жұқтыру қаупі бар 80-нен астам нысан өңделді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін көшелерді дезинфекциялауға тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ірі елді мекендерде осындай жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, әскери қызметкерлер тиісті жергілікті атқарушы органдардың жоспарлары бойынша Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және басқа қалаларда арнайы өңдеуге кірісті. Осы мақсаттар үшін Қорғаныс министрлігі биологиялық қорғау бөлімшелерінің санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.