Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің жиналысына қатыспайды
Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің жиналысына қатыспайды
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта онлайн өтіп жатыр. «Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді. «Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», – деді Нұрлан Нығматулин. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасы 55-тен асқан азаматтарды жұмысқа шығармау жөнінде тапсырма берген еді.