Қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестті ақылы тапсырады – «Олимп» зертханасы
Қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестті ақылы тапсырады –  «Олимп» зертханасы
Фото: Интернеттен алынды
288
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазақстандықтарға коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыруына болады. «Жалпы, бізде елімізге мұндай экспресс-тесттерді жеткізетін бірнеше демеуші бар. Қазіргі уақытта бірнеше компанияға бір рет әкелуге рұқсат беріп те қойдық. Бірінші топтамасы осы аптада жеткізіледі. Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайтын болады. Яғни, ауруып жүргендерде немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», – деді комитет төрағасы министрліктің Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода. Оның айтуынша, министрлік коронавирусты анықтау үшін тестілеуден әлеуметтік әлсіз топқа кіретін пациенттерді өткізеді. Оларға ең алдымен дәрігерлердің есебінде тұрған тыныс алу органдарында созылмалы аурулары бар адамдар, вирус жұқтыру тәуекелі тобына кіретін адамдар, қарттар және 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Дегенмен, бұл санаттағы адамдардың нақты қайсысы тесттен өтетіндігі қазіргі уақытта нақтыланып жатыр. «Олимп» жекеменшік зертханасы мұндай тестілеуді ақылы түрде де өткізетіні белгілі болды. «Ал біз тестті полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы әдісімен нақты ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға тегін жүргіземіз», – деді Л.Бюрабекова.