Оралда коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оралда коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
326
оқылды
Оралда коронавирус тіркелді деп жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған тұрғын WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы аудиожазбамен коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды. «Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқа балама жаза қарастырылмаған», - деді Б.Белгібеков. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарағанын жазған болатынбыз.