Елордада теракт жасамақ болған адам ұсталды
Елордада теракт жасамақ болған адам ұсталды
© ҰҚК баспасөз қызметі
220
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның өкілін ұстады. Ол ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясына елітіп, астанада теракт жасамақ болған деген күдікке ілініп отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде одан жарылғыш элементтері бар үйде жасалған жарылғыш зат тәркіленді. Бұл адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары, яғни "Терроризм актісіне дайындық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әлі жүргізіліп жатыр.