Damu Logistics компаниясы коронавируспен күреске 30 миллион теңге аударды
Damu Logistics компаниясы коронавируспен күреске 30 миллион теңге аударды
295
оқылды
20 наурызда Елбасы Н.А. Назарбаев Қазақстан халық мен кәсіпкерлеріне арналған үндеуінде коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша бірыңғай қор құру бойынша бастама көтерді. «Осындай қиын кезеңде елге көмектескісі келетіндер қаражатын аудара алатын республикалық қор құрулы ұсынамын», - деген еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарының сақталуына айрықша көңіл бөліп жатқан кәсіпорындардың бірі – Damu Logistics индустриалды-логистикалық компаниясы. Damu Logistics индустриалды-логистикалық орталығы Тұңғыш Президенттің бастамасын қолдайды. Компания өз қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етті. Сақтық шараларын күшейткен кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік қорғалуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Жыл басында жалақылары көбейген компания қызметкерлері еңбекақыларына уақытылы қол жеткізіп, түрлі әлеуметтік жеңілдіктердің де игілігін көруде. Damu Logistics Елбасының елдегі ірі бизнес өкілдеріне жолдаған үндеуіне де үн қосты. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания акционері Сәкен Тойлыбаев коронавируспен күрес жұмыстарына арналған Birgemiz қорына 30 млн теңге аударды. «Мұндай сәтте ешкім ортақ істен сырт қалмауы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл да өтпелі кезең», – деді Сәкен Тойлыбаев.