Коронавирус құрсауындағы қала
Коронавирус құрсауындағы қала
© Сурет Айтжан Мұрзановтікі
391
оқылды
Бүгінде қала ішінде үстіне ақ қиім киіп, қолына канистр ұстап, сұйықтық шашып жүргендерді жиі байқауға болады. Бірақ көбісі олардың кім екенін, не шашып жүргенінен бейхабар. Әйтеуір дезинфекцияға қатысты екенін топшылаймыз да қоямыз. [caption id="attachment_30778" align="alignnone" width="1024"] width= © Cурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Сонымен ірі сауда орталықтарында, парктерде, адам көп шоғырланатын жерлерді дезинфекциялап жүрген жандар – әскерилер екен. [caption id="attachment_30780" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Бір сөзбен айтқанда, бөлімшелер жиынтығы. Қажетті уақытта үкімет олардың көмегіне жүгінеді. Елдің тыныштығы мен халықтың амандығы үшін осындай шаралар қолданылады.  width=Мәселен, әр әскери бөлімде радиохимиялық және радиациялық  құтқару қызметі болады. Соның әрқайсынан 3-4 сарбазды бас қалаға алдыртып, күрделі жұмысты атқаруға жұмылдырды.  width=  РҚБ радио-химиялық бактериялық қорғаныс бөлімінің басшысы олардың барлығы бір казармада тұратынын айтты. Қазіргі таңда түскі 12.00-ден бастап, кешкі 19.00-ге дейін қаланы дезинфекциялап шығады. [caption id="attachment_30788" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] – Жұмыс аяқталған соң біз оларды үйіне қайтармаймыз. Біріншіден, отбасына қауіпті. Екіншіден, ертеңінде оларды қайтадан жинаудың өзі тауқімет. Дерттің алдын алу үшін бәрі бір жерде болғаны дұрыс. Олар нысандарды дезинфекциялап келген соң, бірден беті-қолдарын, мойнын «Роса» деген дезинфекциялық өніммен жуып, тазаланады. Бұл өнімнің теріге ешқандай кесірі тимейді. Артынан дәрігерлердің тексеруінен өткен соң, үстідегі киімдерін арнайы тазалаудан өткізеді, – деді полковник Виталий Денисенко.  width= «Бұл бөлімше қашан таратылады?» дегенге «әзірге белгісіз» деген жауап алдық. Бір топта 19-ға жуық адам. Қазір осындай топтың он шақтысы бар. Бүгінгі міндет – Keruen, Keruen city, Asia park, «Хан шатыр», «Сарыарқа» сауда орталықтары. [caption id="attachment_30792" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Осы нысандарға бет алған екі көліктің бірінде – сарбаздар, екіншісінде – дезинфекциялауға арналған ерітінді. Оның сыйымдылығы – 6 тонна. Мұның өзі бірнеше күнге жетеді екен. Белгіленген бес нысанды толығымен сеуіп шыққанда мөлшері 2 тоннасы ғана жұмсалады. [caption id="attachment_30795" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Виталий Денисенконың мәлімдеуінше, бұл ерітіндінің денсаулыққа ешқандай зияны жоқ. Зиянды вирустан сақтауға 2-3 күндік әсері бар екен. АлАлматыдағы құстардың қырылуына мұның қатысы жоғын жеткізді.   [caption id="attachment_30796" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] – «Рубеж» деген дезинфекциялық ұнтақ. Өзімізде арнайы құрылғы болған соң ерітіндіні дайындау қиын емес. Тек дұрыс мөлшерде пайдалана білу керек. Мәселен, көліктің сыйымдылығы – 6 тонна. Осы мөлшерге 2 келі «Рубеж» ұнтағын салып, оның үстіне су құйылады. Белгіленген нысанға жеткен кезде көлік қосындыны қыздыра бастайды, – деді ол.  [caption id="attachment_30797" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Қызығы, бұл көлік Қазақстанда жасап шығарылған. Көпфнукциялы көліктің арнайы сұйықтық құятын багы бар. Қаланы дезинфекциялауға көліктің мөлшері жеткілікті. «Авторазливочная станция» деген атын қысқартып «Арс» деп атайды. [caption id="attachment_30798" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] 20 наурыздан басталған санитарлық тазарту жұмыстары күнделікті жүргізіліп тұрады. Жоспарды қала әкімдігі белгілеп отырады. Санитарлық топ бекітілген жерлерге дәріні сеуіп шығады. Сырт көзге бұл жұмыстың еш қиындығы жоқ секілді. Алайда күні бойы аяғынан тік тұрып, қызмет етеді.   [caption id="attachment_30799" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Әрбірінің қолындағы көтеріп жүрген ыдысы да жеңіл көрінбеді. Оған қоса, басқалар үшін өзін құрбан етіп отырғаны тағы бар. «Отбасын, ошақ басын көрмей, тынымсыз жұмыс істеу қиын емес пе?» дегенімізге, полковник «жұмысымыз ғой» деп жымиып қана қойды. [caption id="attachment_30800" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Әзірге қажеттілік туындап отырғандықтан дезинфекциялау шаралары әлі тоқтатылмайтынын ескертті. Қазір басымдық адам көп шоғырланатын жерлерге, әсіресе, азық-түлік дүкенінің маңайына берілген. [caption id="attachment_30801" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзановтікі[/caption] Жалпы, вирус көзге көрініп, қолмен ұсталатын зат емес. Ол кез келген жерге жабысып, ілесіп екінші жерге барады. Осыдан қанша адам ауруға шалдығып, өлім мен өмірдің арасындағы арпалысқа түсіп жатыр. Мұның алдын алу үшін сақтануды әр адам өзінен бастауы керек.