Қарағандыда аурухананың терезесінен әйеліне кірмек болған азамат 10 тәулікке қамалды
Қарағандыда аурухананың терезесінен әйеліне кірмек болған азамат 10 тәулікке қамалды
© zakon.kz
262
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде заң бұзушылыққа жол берген қазақстандықтар туралы айтты. Оның айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 89-ы қамауға алынды.
Олардың барлығы өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындады. Кейбір жағдайлар, тіпті ақылға сыймайтын деңгейге жеткен. Мәселен, Қарағандыда аурухананың терезесінен бұрынғы әйеліне кірмек болған азамат 10 тәулікке қамауға алынды. Ол карантинде жатқан, Германиядан келген болатын, - деді министр.