Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус жұқтырды
5,155
оқылды
Жамбыл облысында тағы бір адам вирус жұқтырған,- деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті. Осылайша, 26 наурыз, сағат 22-20-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 61 жағдай, Алматыда – 40 жағдай, Қарағандыда – 4 жағдай, Алматы облысында 4 жағдай, Ақтөбе облысында 1 жағдай, Шымкентте – 2 жағдай, Жамбыл облысында – 2 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында 1 жағдай тіркелді. Осыған дейін елімізде бір әйелдің коронавирустан қайтыс болғанын жазған едік. 64 жастағы қарттың қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.