Коронавирустен айыққан алматылық науқас ауруханадан шықты
Коронавирустен айыққан алматылық науқас ауруханадан шықты
195
оқылды
Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шықты. Ол еліміздегі коронавирустық инфекцияны жұқтырған алғашқылардың бірі болды. Пациент коронавирусты еуропалық елдердің бірінде жұқтырған. «Ол 14 күн бұрын карантинге жатқызылды. Сараптама қорытындысы COVID-19 барын анықтады. Ол вирусқа қарсы емнің барлығын толықтай алды. Вирустың ешқандай белгілері мазалаған жоқ. Ем барысында вирус асқынған жоқ. Соңғы екі сараптама коронавирустың жоқ екенін көрсетті» деді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Отағанов. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекция анықталған 40 жағдай тіркелгенін айтты. Жаңадан анықталған пациенттердің жай-күйі туралы тоқталар болсақ, 1995 жылы туған бірінші пациент 21 наурызда Нью-Йорк – Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Коронавирус анықталған қалған адамдар КВИ-дың расталған жағдайындағы адамдармен байланыста болғандар. Қазіргі уақытта барлық пациенттердің жай-күйі – қанағаттанарлық. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар, оның екеуі – бала. 38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі, сондай-ақ, нашарлаусыз ауырлығы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты екенін естеріңізге сала кетейік. Бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.