Президент марқұмның туыстарына көңіл айтты
Президент марқұмның туыстарына көңіл айтты
296
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасы арқылы коронавирус кесірінен көз жұмған отандасымыздың отба­сына көңіл айтты. «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды еке­­­­нін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда ка­ран­тин шараларын күшейтіп, Шым­кентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қа­былданды. Осындай қажетті шара қол­дануға мәжбүрміз. Эпидемияны бә­ріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиіс­ті қорытынды жасаймыз» делінген Пре­зидент­тің Twitter парақшасында.