Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылды
Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылды
© Әлихан Сариев
5,190
оқылды
Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылды.
Қазақстандықтардың арасында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысында 65 жастан асқан қазақстандықтарға көшеге шығуға шектеу қойып, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізілетіні туралы айтылады.
Мұның алдында Нұр-Сұлтан және Алматыда 30 наурыздан бастап кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған болатын. "Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады", - делінген еді хабарламада.