Шектеу шараларын орындамағаны үшін қамалды
Шектеу шараларын орындамағаны үшін қамалды
© сурет интернеттен алынды
5,208
оқылды
Шымкент қаласының прокуратурасы ҚР Президенті Жарлығымен 15 наурыз күні енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізіп жатыр. Осы тұрғыда қала аумағында 15 мобильді топ құрылған. Мобильді топтың құрамында  прокуратура, әкімдік, полиция департаменті, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті қызметкерлері бар. Олар күн сайын төтенше жағдай режимінің шарттарын бұзғандарды, жеке қорғау құралдарын заңсыз сатқандарды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Аталған арнайы топ қазіргі таңға дейін шектеу шараларын бұзған 40  дерек пен  құны 4,8 млн.теңге болатын 26 500 медициналық масканы сатудың 3 заңсыз сату жайын анықтаған. Аталған құқықбұзушылықтарға жол бергендерге  ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 49 хаттама толтырылған. Ал,  «Астер-авто» ЖШС-не тиесілі автосалонының директоры шектеу талабы, яғни белгіленген 18:00-ге дейінгі жұмыс уақытын  20:30-ға дейін жүргізгені үшін сот қаулысымен 3 тәулікке қамауға алынды. Дәл осындай жаза  «Кафель» дүкенінің иесіне де қолданылды.  «Каравай» асханасының әкімшісі 10 АЕК (26.510 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Төтенше жағдай режимін қолдану кезінде монша жаққаны үшін «Алтын бұлақ» моншасының иесі 3 де  тәулікке қамалды. Сонымен қатар,  Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығының тапсырмасымен  індетті алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шараларға 200-ден астам еріктілер жұмылдырылуда. Полиция қызметкерлері мен еріктілер тұрғындарға жеке қорғану құралдарын пайдалануды, үйден шықпауға, адамдармен арақашықтықты сақтауға, адам көп шоғырланатын орындаға бармауға және жеке гигиенаны сақтауға шақырып жүр.   Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.