Карантин кезінде полиция халықты қалай бақылайды?
Карантин кезінде полиция халықты қалай бақылайды?
© сурет интернеттен алынды
5,240
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде полиция қызметкерлері халықты қалай бақылайтынын айтты. «Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметтеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай, бүгін түнгі 12-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде. онымен бірге, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. «Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болған жөн. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, әдетте, тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет», - деді Дәурен Абаев. Айта кетейік, коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді. Бұған дейін Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын түсіндірген еді. Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығады.