Коронавирус Hyundai, Ford, Nissan, Honda, Tesla, Volkswagen, BMW, Google, Microsoft, Amazon, Apple, Adidas, Nike-тың жұмысы тоқтатып жатыр
Коронавирус Hyundai, Ford, Nissan, Honda, Tesla, Volkswagen, BMW, Google, Microsoft, Amazon, Apple, Adidas, Nike-тың жұмысы тоқтатып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
548
оқылды
Коронавирустың таралуы Hyundai, Ford, Nissan, Honda, Tesla, Volkswagen, BMW, Google, Microsoft, Amazon, Apple, Adidas, Nike компанияларының өндірісіне кері әсер етіп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені бұл кәсіпорын кейбір автобөлшектерін дәл осы Қытайдан әкеледі екен. Алайда жұқпалы індеттің таралуына байланысты қосалқы бөлшектердің жеткізілуі тоқтатылған. Сондықтан ақпанның онына дейін жағдай реттелмесе, Hyundai қосалқы бөлшек жасайтын өзге компаниялармен келісімшарт жасаспақшы.
Бұдан өзге Ford, Nissan, Honda секілді алпауыттар да Қытайдағы зауыттарын уақытша жауып тастады. Ал америкалық Tesla Қытайға тоқпен жүретін көліктерін жеткізуді кейінге қалдырған. Сондай-ақ Теsla-ның Шанхайдағы ірі зауыты да індет ауыздықталғанша жабылды. Немістің BMW мен Volkswagen автоконцерндері де Қытай аумағындағы өндірісін тоқтатты.
Бұл аздай, Google, Microsoft, Amazon, Apple секілді әлемдік алпауыттар да Қытай, Гонконг, Тайвандағы кеңселеріне құлып салды. Ал жеңілөнеркәсіп саласындағы көшбасшы Adidas пен Nike компаниялары көрші елдегі көптеген спорттық дүкенін жауып тастапты.