«Дәрігерді тыңдап, дәрумендерді іше беріңіздер» – коронавирустан айыққан америкалықтың кеңесі
«Дәрігерді тыңдап, дәрумендерді іше беріңіздер» – коронавирустан айыққан америкалықтың кеңесі
Фото: Интернеттен алынды
219
оқылды
COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді. АҚШ-та 140 мың адам инфекция жұқтырды. Нью-Йорктің науқастарға толы ауруханалары барлығын орналастыра алмай жатыр. Көптеген адам дәрігерлердің нұсқауымен аурумен үйде оқшауланып күресіп жатыр. Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ ауру белгілері ерекше болмағандықтан COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған. Марисса Котэ үйде отыруға кеңес айтты. «Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Қуанарлық жағдай көптеген адам жазылып келе жатыр», – деді «Хабар 24» арнасында.