«Екі ай үйден шықпайды» – Қызылорда облысының экс-әкімін қамауға алды
«Екі ай үйден шықпайды» – Қызылорда облысының экс-әкімін қамауға алды
Фото: Интернеттен алынды
216
оқылды
Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сот үй қамауына алу туралы санкция шығарды, – деп жазады тергеу сотының сайты. Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты қамау туралы санкцияны тергеу соты 28 наурызда шығарған. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы).
«Сараптама нәтижесінде, күдікті Қуанышбек Досмаилұлы Ысқақовқа қатысты «үйде қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өтініші қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 2020 жылдың 26 наурызындағы 22:28-ден бастап 2020 жылдың 26 мамырындағы 22:28-ге дейін екі айға жалғасады», – деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы әкімі қызметіне Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалғанын жазған едік.