Коронавирус туралы жалған хабар таратқан оқушы ұсталды
Коронавирус туралы жалған хабар таратқан оқушы ұсталды
© polisia.kz
192
оқылды
Түркістан облысының полицейлері Қарнақ ауылында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 28.03.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирусты жұқтырғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан белгісіз адамды анықтау үшін полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы ауылдың тұрғыны жергілікті мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты. Бала ата-ананың қадағалауына берілді және олармен тиісті профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.​ Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Түркістан облысының полицейлері жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.