Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 97% сырттан келген
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 97% сырттан келген
183
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясы расталғандардың 97 пайызы сырттан жұқтырып келген, - деп мәлімдеді онлайн брифинг барысында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің айтуынша, коронавирусқа шалдыққандардың 3 пайызы ғана Қазақстанда жұқтырған. «Осы уақыт аралығында 13 наурыздан бастап аурудың өршуі 3 рет байқалған. 5-күні - тәулігіне 9 адам, 15-күні - 16 адам, 18-күні - 10 адам тіркелген. Талдау нәтижелеріне сәйкес 73 адамның 97 пайызы сырттан жұқтырып келгені анықталды. Басқа елден келген 26 адам келесі күні 45 адамға жұқтырған. Алматыда болған 2 адамның байланыста болған адамдары санаулы ғана», - деді ол.