Халықаралық дирижерлер – Қостанайда
Халықаралық дирижерлер – Қостанайда
293
оқылды
Қостанай қалалық Елубай Өмірзақов атындағы облыстық фи­лар­­­мо­нияда ІІІ халықаралық дирижерлер форумы басталды. Абайдың 175 жылдығы мен орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жыл­­ды­ғына арналған халықаралық фо­ру­мы үш күнге жалғасады. Форумды об­лыстық филармонияның камералық оркестрі ашты.Сонымен қатар Ресей­дің еңбек сіңірген әртісі, бас баритон Павел Черных «Көзімнің қарасы» әнін құйқылжытты. Форумда Абзал Мұ­хитдинов, Берік Батырхан, Ас­хат Манақбаев, Тарас Мызин сын­ды мәдениет саласына еңбегі сің­ген дирижерлер өнер көрсетті. Қос­­­­­танай облысы әкімдігінің мәде­ниет басқармасы басшысы Ерлан Қал­­мақов дирижерлер форумының бас­талуымен құттықтап, Абзал Мұ­хит­­диновке алғысхат пен естелік сый­лық табыстады. «Үшінші жыл қа­та­рынан осынау бірегей жобаны өткі­зіп отырмыз. Қостанайлықтар әлем­ге танымал жеті дирижердің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл кісілердің біздің өңірге келуінің өзі бір жаңалық. Филармониямыздың қазақ және орыс ұлт аспаптар ор­кестрі, камералық ор­кестр репертуа­рын толықтырды. Тыңдарман сы­ны­­нан өткен осындай музыка май­тал­­­­мандарымен тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейде өсіп, шыңдала түседі», – деп атап өтті Ерлан Қалмақов.   Қ.ЖҰМАН