«Түрксіб» – ХХ ғасыр классигі
«Түрксіб» – ХХ ғасыр классигі
1,123
оқылды
Режиссер Виктор Туриннің 1929 жылы «Востоккино» тресінің негізінде түсірген (қазіргі «Қазақфильм» кино­сту­дия­сы) «Түрксіб» деректі киносы Гарвард универси­теті жасаған тарихтағы маңызды фильмдер тізіміне енді. Бұл тізімге кеңестік және ресейлік 20 фильм енген. Олардың қатарында Сергей Эйзенштейннің Біріккен Орта­лық киностудиясында (ЦОКС) түсірген «Иван Гроз­ный» фильмі бар. Атал­ған фильмдер кинемато­графия ғылымының канди­да­ты дәре­же­сін алуға үміткер­лер­дің мін­детті түрде қарауы үшін ұсы­­нылады. 1928 жылы Ресей Ке­ңес­­тік Федерациялық Со­циа­лис­тік Республикасы Халық ко­миссарлар кеңесінің жа­ны­нан Бүкілресейлік «Вос­ток­кино» тресті құрылды, оның мақсаты – елдегі ха­лық­­тың өмірі туралы фи­льм­­дер шығару, сондай-ақ ұлт­тық кино кадрларын даяр­лау. 1929 жылы Алматыда Қазақ­станның әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени өмірі туралы бірнеше хроникалық фильм шығарған дәл осындай өндірістік трест жұмыс істей бастады. Олардың ішін­­де Түр­кістан-Сібір темір­­жо­лы­ның құрылысы тура­лы баян­дайтын «Түрксіб» толық­мет­раж­ды деректі картинасы болды. Фильмнің бірнеше нұсқасы бар, олардың біреуін 1930 жы­­лы британдық деректі ки­но­­­режиссер Джон Грейсон жасаған. – Кино – таңғажайып әлем. Парижде ағайынды Лю­мьер­дің алғашқы көр­се­­­ті­лімінен азды-көпті 125 жыл өткенімен, бүгін­гі таң­да өнердің бұл түрі тех­ни­­ка­лық тұрғыда қандай же­тіс­тіктерге жетті десеңізші! Әр­бір жаңа фильм ғажайып ре­тінде қабылданды және әлемдік киноның қалып­та­суы мен дамуында үл­кен ма­ңызға ие болды. Мәсе­лен, қазіргі Қазақстан аума­­ғында түсірілген алғаш­қы «Түрксіб» киносы ХХ ға­­­сыр­­дың басындағы де­рек­­ті фи­льмдердің клас­­си­гі­не ай­налды», – дейді «Қа­­зақ­фи­льм» кино­студия­сы­ның президенті, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­кері Арман Әсенов. Бірнеше жыл бұрын қа­зақ­стандық продюсер Нар­гиз Шүкенова картинаға екінші өмір сыйлайтын идея ұсынған болатын. Қа­зақ­­­стандық музыканттар «Түрк­сіб» үшін арнайы саунд­трек жасады. Еліміздің бел­гілі композиторы Қуат Шіл­де­баев отандық «Қа­зақ­стан Ка­мератасы» оркес­трі­нің орын­дауында музыка жаз­ды. Сондай-ақ картинаны бір­тіндеп қалпына келтіруге британдық кино институты үлкен үлес қосты.   Ж.НҰРЛАНҰЛЫ