Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген
Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген
342
оқылды
Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген, - деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев. Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, коронавирус жұқтырған 1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх - Алматы» рейсімен ұшып келген. «Бастапқы тексеру кезінде одан және Қостанай облысының тағы 4 азаматынан вирус табылған жоқ. Осылайша олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Емханадағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр», - деді Марат Жүндібаев.