БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қашықтан жұмыс істеп жатыр
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қашықтан жұмыс істеп жатыр
© Сурет ғаламтордан
490
оқылды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қашықтан жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік кеңесінің дауыс беру және қарарларды қабылдау жұмыстары онлайн-режимде жүргізіліп жатыр. Бас хатшы Антониу Гутерриш әріптестерімен және халықаралық қоғамдастықпен интернет арқылы байланысқа шығуда. Пандемия Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс тәртібіне түбегейлі түзетулер енгізді. 1 сәуірден бастап БҰҰ ҚК-ға Доминикан Республикасы төрағалық етуде. Карантинге байланысты дипломаттар ұйымның басқа да мүшелері секілді виртуалды режимде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, пандемияның кесірінен көптеген маңызды форумдар кейінге шегерілді, олар 2021 жылы өткізіледі деп жоспарланып отыр.