Алматыда көшеде себепсіз жүрген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда көшеде себепсіз жүрген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
© Сурет ғаламтордан
2,218
оқылды
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 14 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Портал мәліметінше, өӨткен тәулік ішінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес 19 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу - 12, айыппұл - 7 адамға салынған.
"Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6-тармағына сәйкес көшеде негізсіз жүргені үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і қамауға алынды, 3 адамға айыппұл салынды. Қалада карантин басталғаннан бастап 292 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 147 адам әкімшілік қамауға алынса, 139 адамға айыппұл салынды, 6 адамға ескерту берілді", - делінген хабарламада. 
Қазіргі уақытта қалада жаяу патрульдік жұмыстарға 3 мыңға жуық адам тартылған, олардың 1,5 мыңы полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің 400-ге жуық әскери қызметшісі және Ұлттық ұланның 1,5 мың әскери қызметкері, олар тұрғындарға үйде отыру қажет екені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"997 патрульдік бағыт жасалды. Жалпы алғанда, Алматыдағы карантиндік шараларға Департаменттің және Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамынан 5,5 мыңға жуық адам қатысады. Қалада 26 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды, оған 208 полиция қызметкері тартылды. Жалпы бір тәулікте қала бойынша қозғалу құқығы бар-жоғына 6540 автокөлік тексерілді", - делінген хабарамада.
Еске салайық, 11 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу туралы қаулыға қол қойды.