Сәуір айының алғашқы жартысында 3500 сырқат тіркелуі мүмкін деп болжаймыз – Біртанов
Сәуір айының алғашқы жартысында  3500 сырқат тіркелуі мүмкін деп болжаймыз  – Біртанов
© Сурет ғаламтордан
313
оқылды
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны сәуір-мамырда көбеюі мүмкін, ал сәуірдің бірінші жартысы ең көп тіркелетін кезең деп болжанып отыр. Осы кезеңде шамамен COVID-19 вирусын жұқтырғандар 3500 -ге жетуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы шешімі туралы баяндаған министр елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар коронавирус инфекцияның таралу қарқынын кешегі 28 наурыздағы 52%-дан 12% -ға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтеді.
«Бұл бізге санитарлық және медициналық қызметтердің ауыртпалығын азайтуға және науқастар мен байланысқан адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге біздің елде науқастардың жалпы санының өсуі тіркеліп отыр. Басқа елдердің тәжірибесі бізге аурудың негізгі кезеңі сәуір-мамырда, ал нағыз көп тіркелетін кезі сәуірдің бірінші жартысында болатындығын болжауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде біз шамамен 3500 сырқаттанушы тіркелетінін болжаймыз (қазір 551)», – дейді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, ары қарай, жаз айларында эпидемиологтар эпидемияны толығымен тоқтатуды емес, баяулауын күтпі отыр. Кейбір сарапшылар биылғы күзде індеттің қайталанатынын жоққа шығармайды.
«Сондықтан мұқтаж адамдарға індеттің күшейіп тұрған кезіндегідей ұзақ мерзімді кезеңде де медициналық көмек көрсетуге жан-жақты дайын болудың да біз үшін маңызы зор. Осы көмекті көрсету үшін қазірдің өзінде коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін 3920 төсек дайындалған, сонымен қатар инфекция жұқтыруы мүмкін деген пациенттер үшін 7300-ге жуық төсек орналастырылған. Сонымен қатар, 180 ауыр науқасты қабылдау үшін 170 өкпенің жасанды желдету құрылғысы (IVL) және 38 ЭКМО апаратымен жасақталған реанимациялық бөлімдер де жұмыс істеп жатыр», – деген министр пациенттердің жұқпалы аурулар ауруханасында орташа есеппен 3-4 апта өткізетінін, сондай-ақ елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорындарда, медицина, полиция, қарулы күштер және басқа да қызметтердегі мамандарда да инфекцияның пайда болу қаупін ескере отырып, бізге әлі де көбірек кереуеттер мен арнайы ауруханалар қажет екенін айтады.
Ондай ауруханалар дың қауіпсіздік талаптарына сай болуы өте маңызды: бокс-палаталар, арнайы желдету жүйесімн қамтылғаны жөн. Мұндай ауруханалардың Қытайда қалай қолданылды. Ал АҚШ, Италия және басқа да Еуропа елдеріндегі ауруханаларға қандай ауыртпалық түсіп жатқанын тіге тиек еткен Елжан Амантайұлы көптеген ел пациенттер мен медициналық қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігі үшін қажетті технологиямен қамтылмаған нысандарды, тіпті спорт ғимараттарын пайдалануға мәжбүр болғанын еске салды.
«Осыны ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ең ірі үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жылдам салынатын жұқпалы аурулар ауруханасын (бірінші кезеңде 200-300 төсек) салу қажеттілігі туралы ұсыныс жасады. Осы жобалардың жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдар жауап береді. Біздің құрылыс компаниялары бұл мәселеде үлкен көмек пен қолдау көрсетеді. Құрылысты тезірек аяқтау жоспарланып отыр (15-20 күн)», – дейді ол.
Аталған ауруханалар заманауи инфекциялық қауіпсіздік жүйелерімен, қажетті медициналық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, бұл шара еліміздің коронавирус пандемиясының салдарын ғана емес, болашақта мүмкін болатын індеттерді жоюға жедел әрекет ету мүмкіндігі арттырады деген үміт бар. «Әлем мұндай жаһандық және агрессивті сынаққа дайын болмай шыққанын мойындау керек. Денсаулық сақтау жүйелері негізінен созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мен емдеуге (қант диабеті, гипертензия, онкология және т.б.) басымдық беріп келді. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қайта құру қажет және жақын болашақта осындай жағдайларға дайын болуымыз керек!», – деген министр сөзін « коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимылымызды түсініп, қолдағаны үшін халыққа ризашылығымды білдіремін. Сіздерден тек ресми ақпарат көзіне ғана сенуге, осы саладағы жауапты мамандардың пікірлеріне ғана құлақ асуды сұраймын», – деп аяқтады. 

Тұмар МЫРЗА