Алматы әуежайы карантин уақытын тиімді пайдаланып жатыр
Алматы әуежайы карантин уақытын тиімді пайдаланып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
223
оқылды
Алматы халықаралық әуежайы карантин кезінде қонақтарды күтіп алып, шығарып салуда біраз дамылдап қалды. Жылдың қай мезгілінде де, тәуліктің қай кезінде де жолаушылардан бір босамайтын мекен басшылары осы сәтті оңтайлы пайдалануды жөн көріпті. Тап қазіргі кезде әуежайда терминалдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Терминалдардың қабырғасы қайта жасалып, едендері жаңалануда. Әуежайдың төбесі ақталып, жарықтандыру жүйесі де ауыстырылып жатыр. Ал халықаралық залда қосымша тіркеу орындары қойылуда. Бұл жолаушылар ағыны көбейген кезде оларға жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік тудырады. Күту залындағы орындықтардың тысы ауыстырылып жатыр. Жұмыс істеу барысында жолаушылардың орындықтардың астына жабыстырып кеткен көптеген сағыздарын тазалауға тура келді. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысып жатыр. Олардың өз кезегінде жолаушыларға айтар назы да жоқ емес. Олар қоғамдық орындарда барынша мәдениетті болып, тазалық сақтауын және соңдарында қоқыс қалдырмауын сұрайды.