Бес әлеуметтік бастама талқыланды
Бес әлеуметтік бастама талқыланды
633
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Radisson қонақүйінде Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысын қадағалайтын қоғамдық кеңестің жиыны өтті.

Күн тәртібінде келелі мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес, Президенттің 2019 жылға арналған Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша құрылған қоғамдық кеңестің жұмысы; ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының XVIII съезінде қазақ­стандықтарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы тапсырмасының орындалуы; Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүм­кіндіктері» атты алғашқы әлеуметтік бастама­сының жүзеге асу барысы талқыланды. 
Басқосуға Қоғамдық кеңес мүшелері, өкі­летті орталық мемлекеттік органдардың, «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бас­па­на» ипотекалық ұйымының басшылары мен өкіл­дері және т.б. қатысты. Қоғамдық кеңес оты­рысына Бақытжан Жұмағұлов жетекшілік етті. 
– Біздің отырысымыз еліміз үшін аса ма­ңыз­ды тарихи кезеңде өтіп жатқанын барша­ларыңыз жақсы білесіздер. Елімізде биліктің ауысу үрдісі басталып, қазақстандық қоғам сайлау науқанына қадам басты. Бұл тек біздің жұмысымыз үшін ғана емес, тұтас еліміздің болашағы үшін айрықша маңызға ие. Тұңғыш Перзидент – Елбасы Н.Назарбаевтың барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси бағдарын ары қарай жалғас­тыру қоғамымыздың мүддесі мен қалауына сай қадам екені сөзсіз. Елбасы партияның ХVIII съезінде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың алдымызда тұрған басты страте­гиялық міндеттерін анықтап, оны жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырмалар берді, – деді Ба­қытжан Тұрсынұлы. 
Дәстүрге сай отырыстың жұмыс тәртібі бектіліп, баяндамашылар жарыссөзге шықты. Талқылау кезінде Ержан Жұматұлы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысына ке­ңінен тоқталды. Ол сондай-ақ, атаулы әлеу­меттік көмектегі рәсімдердің жеңіл­детіл­генін жеткізді. 
– 2019 жылы аз қамтылған 832 мың азамат, оның ішінде 550 мың бала қамтылатын болды. Атаулы әлеуметтік көрсету үшін 2019 жылда 134 млрд теңге бөліну көзделген. Мүгедек баланың бала жасынан І топтағы мүгедектігі күтімі бо­йынша жәрдемақылар 31 183 теңгеден 41 578 тең­геге дейін артты. Биыл 1 маусымнан бастап аза­маттық қызметшілердің жалақысы Елбасы­ның тапсырмасына сәйкес 30 пайызға дейін артады. Бұл республика бойынша денсау­лық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мә­дениет, ауылшаруашылық және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 милионнан астам қыз­мет­шілерді қамтитын болады, – деді Е.Жұматұлы. 
Жиында Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы бойынша хабарлап, сол бағытта атқарылған жұмыстарға сараптама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үйлерді сатып алуға 50 млрд теңге бөлінген екен. Бас­па­налар тұрғындарға жалға берілетін болады. 
Жарыссөзде «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша жұмыстың қарқынды түрде жүріп жатқанын айтып, бүгінде 11600 өтініш мақұлданып, оның сомасы 85 млрд теңгеден асқанын мәлімдеді. 
– ERG компаниясымен бірге Халық банкпен және де «7 – 20 – 25» бағдарламасы бо­йынша меморандумға қол қойдық. Мемо­ран­дум бойынша жұмысшыларға осы бағдар­ламамен арнайы құрылыс жұмыстары жүргі­зіліп, үйлер салынып, ол компаниялар өз жұ­мысшыларына алғашқы жарнаны құюға кө­мектеседі, – дей келе, қазіргі таңда бірнеше компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайында айтты. 
Қоғамдық кеңесті Бақытжан Жұмағұлов қорытындылап, бес әлеуметтік бастама әрбір бағытының орындалу барысын ұдайы бақылау­да ұстап отыруды тапсырды.