Достықтың киелі бесігі
Достықтың киелі бесігі
762
оқылды

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарқаны» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Шараны Қазақстан халқы ассамблеясы аясында Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Фестиваль әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы төзімділік пен мәдениетаралық түсіністікті нығайтуды көздейді.

Бұл жастарды этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен та­ныс­ты­ру­­дың зор мүмкіндігі. Жоба бар­лы­ғын бір істің аясында бірік­тіруге және түрлі мәдениет қырларын ашуға септігін тигізе­ді деген үміт бар.

«Достық дастарқаны» фес­ти­­ва­ліне Қазақстан халқы ас­сам­­­б­лея­сы төрағасының орын­­­­ба­сары – Хатшылық мең­ге­ру­шісі Жансейіт Түймебаев бас­таған Парламент Мәжілісі­нің, Алматы қалалық мәслиха­ты­­ның депу­тат­тары, зиялы қауым мен этно­мәдени бірлес­тік­тердің өкіл­дері қатысты.

– Ассамблея аясында қазақ­тың қасиетті жерінде, Ұлы дала­сында дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын бірлікке топ­тастырып, бүгінгі өзара түсі­ніс­тік пен құрмет сезімнің, жарас­тық пен келісімнің, ұлтара­лық татулықтың тұрақты­лы­ғын одан ары жарастыра нығайтуда Қазақ­­стан халқы ассамблеясы жұмы­сын мақтаныш пен қуа­ныш­­пен айта аламын. Ассам­б­лея аясында түрік диас­по­расы мәртебелі қазақ халқы­ның мәде­ни-рухани құндылығына жақын­дасып, достық пен ынты­мақта бірге болып, қуанышы мен күйінішін бөлісіп, еліміздің экономикасын дамы­ту­да, мәде­ние­тін гүлдендіруде, жас қазақ мем­лекетінің тәуел­сіз­дігін ны­ғай­туға атсалы­сып келеміз, – дейді Қазақстан хал­қы ассам­блея­­сының мүшесі Қазақбай Таштемір­ұлы.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы ассамблеясы – достық пен ынтымақтың, келісімнің киелі бесігі, сыйластықты көрсе­­ту­дегі бейбіт өміріміздің белгісі. «Мемлекетіміздегі кез келген халық Ассамблея аясын­да терезесі тең, керегесі кең екенін көрсетіп отыр. Бұл – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұлтара­лық мәселелерді шешудегі көре­гендігі мен дана­лығы. Осын­дай игі іс ұрпақ сабақтасты­ғында жалға­сын табады деп ойлаймын», – деді ол.

Шараға жиналғандар түрлі ұлттың дастарқанынан дәм татып, өнерпаздардың таланты­на тәнті болды.