Премьер-Министр Үкіметтің биылғы 5 міндетін атады
Премьер-Министр Үкіметтің биылғы 5 міндетін атады
Фото: Айтжан Мұрзанов
407
оқылды
Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Президенттің тапсырмаларын орындау аясында Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының негізгі мақсаты — экономика өсімін 4,7-5 % деңгейінде қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Үкіметтің алдында 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейіне жеткізу, шикізаттық емес экспортты 18,6 млрд долларға дейін жеткізу, халықтың нақты табысын 6% арттыру, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 30 дейін ұлғайту және 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша аса маңызды міндеттер қойылған», – деді.