FlyArystan 1 аптада 10 мың жолаушы тасымалдады
FlyArystan 1 аптада 10 мың жолаушы тасымалдады
464
оқылды

Тұңғыш қазақстандық бюджеттік әуекомпания өзінің алғашқы жұмыс аптасын аяқтап, оң нәтижелерге қол жеткізді.

FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Қарағанды, Тараз бен Оралға 10 мың жолаушы тасып үлгерді.

Осы уақыт аралығында қазақстандық әуетасымалдаушы 63 рейс орындады. Рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 82% құраса, әуекеменің жүктеме коэфицент көрсеткіші 94%  көрсетті. Наурыздың 29 бастап күні бүгінге дейін сатылған билеттердің жалпы саны 70 мыңнан асып түсті.

– Алматыдан Нұр-сұлтан мен Таразға ұйымдастырылған алғашқы рейстің билеттері бір айдан аз уақыт ішінде түгел сатылды. Алдымен жолаушыларымыз мерекелік және демалыс күндік билеттерді сатып алды. 1-7 мамыр арасында сатылған 10 мың теңгеге дейінгі билеттер сатылымның жартысынан көбін құраса, Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз бен Қарағандыға осы бағамен сатылған билеттер барлық сатылымның 2/3  бөлігін құрды, – деп мәлімдеді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.  – Көпті көрген саяхатшылар келешек демалыстарын бүгін жоспарлап, FlyArystan-ға билеттерді брондап жатыр. Себебі қазір flyarystan.com сайтында 26 қазанға дейінгі билеттер сатылымы ашық және де қолжетімді. Яғни минималды тарифтер ұшып шығуға бірнеше күн қалғанда арзан болуы екіталай. Сол себепті біз, уақытты өткізбей, бірден қолжетімді билеттерді алып үлгеруге кеңес береміз.

Естеріңізге сала кетсек, 30 мамырдан бастап бюджеттік әуетасымалдаушы Алматыдан Павлодар мен Шымкентке қатынай бастайды. Бұл бағыттарға билет құны 6999 және 4999 теңгеден басталады.